Алматы қ. Түрксіб ауданы., Сейфуллин даңғылы 68а
mektep.bolashak@mail.ru
+7 7272 232626, +7 747 819 0720

«Болашақ» жекеменшік мектебінің негізін 1998 жылы Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Тұрлыханова Мәрзия Айтпаевна қалады. 2019 жылы мектепке гимназия мәртебесі беріліп, негізін қалаушы Мәрзия Тұрлыханованың атына өзгертілді.

Бүгінгі таңда «Мәрзия Тұрлыханова атындағы гимназия» Алматы қаласындағы алдыңғы қатарлы жеке меншік мектептердің бірі. Оқу-тәрбие үрдісі білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен жан-жақты дамуына бағытталған Мемлекеттік білім беру стандарты негізінде жүргізіледі.

Гимназияның негізгі бейіні - ағылшын тілі мен мен математиканы оңтайлы әдістермен тереңдете оқыту. Мектептің жобалық қуаты - 700 орын. Мектептің күзетілетін аумағында 2 оқу корпусы бар. Сондай-ақ, мектепте білім алушылардың жан-жақты дамуына бағытталған үйірмелер, спорттық секциялар, клубтар жұмыс істейді: шахмат, хореография, робототехника, бағдарламалау негіздері, кикбоксинг, бокс, футбол, домбыра, Speaking club, ғылыми-шығармашылық клубтары.